Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылатын болады.
Бюро отырысында депутаттарға бірқатар заң жобаларын II оқылымда қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын II оқылымда қарау көзделіп отыр.